17 сағат бұрын
«Барыс» ҚХЛ аясындағы сырт алаңдағы матчқа құрамын жариялады
Астаналық «Барыс» Континенталдық хоккей лигасы аясында Владивостоктың «Адмиралына» қарсы өтетін сырт алаңдағы матчқа қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.
«Барыс» командасының құрамы:
Шепард (Шутов);
Масси — Дэй, Томпсон — Пилон — Бэйли;
Маккошен — Данияр, Симонов — Морелли — Ляпунов;
Бритиков — Приски, Өмірбеков — Шестаков — Мұратов;
Сәркенов — Оразов, Савицкий — Шайхмедденов — Әсетов.
Еске салайық, «Адмирал» мен «Барыс» арасындағы матч бүгін өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 14:30-да басталады. Кездесуді «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Қазіргі уақытта Қазақстан астанасының клубы 17 матчтан кейін 20 ұпай жинаған. Ал ресейлік команда 16 кездесуде 15 ұпайға ие болды.
Біздің серіктес: Sport12kz