21 сағат бұрын
Овечкин «Вашингтонның» клубтық рекордын қайталады
«Вашингтон Кэпиталз» командасының ресейлік шабуылшысы Александр Овечкин ҰХЛ тұрақты чемпионаттарындағы нәтижелі пастар саны бойынша клуб рекордын қайталады, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Оттава Сенаторзға» қарсы сырт алаңдағы кездесуде «Вашингтон» капитаны Коул Хатсонның овертаймда соққан жеңіс шайбасына нәтижелі пас берді. Матч «Кэпиталздың» 3:2 есебімен жеңісімен аяқталды.
Бұл Овечкиннің ҰХЛ тұрақты чемпионаттарындағы мансабындағы 762-ші нәтижелі пасы болды. Осы көрсеткіш бойынша ол командадағы бұрынғы серіктесі, швециялық шабуылшы Никлас Бэкстреммен теңесті. Екеуі де клуб тарихында бірінші орында тұр.
Енді Овечкинге «Вашингтонның» жеке-дара рекордының иесі атану үшін тағы бір нәтижелі пас беру жеткілікті.
Біздің серіктес: Sport12kz