5 сағат бұрын
Қазақстан құрамасына «Барыс» ойыншылары қосылуы мүмкін
Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяда өткен Азия чемпионатында үшінші рет қатарынан топ жарып, елге чемпион болып оралды. Енді хоккейшілерді Бірінші арна кубогындағы Ресей және Беларусь құрамаларына қарсы ойындар күтіп тұр, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Жайлауов алдағы турнирге команда көшбасшыларының қатысу мүмкіндігі туралы пікір білдірді.
«Қазір басты мақсатымыз – «Барыспен» бірге өз алаңымыздағы матчтарды жеңіспен бастау. Ал желтоқсанда Бірінші арна кубогы өтеді. Онда Ресей мен Беларусь құрамалары сияқты мықты қарсыластармен кездесеміз. Бізге қазақстандық хоккейді көрсету керек. Турнирге құрамамыздың көшбасшылары да келуі мүмкін», – деді маман.
Айта кетейік, өткен жылы Бірінші арна кубогына «Барыс» пен Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін қазақстандық ойыншылар қатыспаған еді. Биыл олардың ұлттық құрама сапында ойнау мүмкіндігі бар.
Біздің серіктес: Sport12kz