19 сағат бұрын
«Барыс» Шығыс конференциясының көшбасшысымен кездеседі
15 қараша, жексенбі күні Астанада Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында «Барыс» пен Магнитогорскінің «Металлург» командасы кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Барыс» – «Металлург» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.
25 ойыннан кейін «Барыстың» еншісінде 27 ұпай бар. Ал 26 матчта 39 ұпай жинаған «Металлург» Шығыс конференциясының көшбасшысы саналады.
Астаналық клуб соңғы ойынында өз алаңында Владивостоктың «Адмиралын» 4:2 есебімен жеңіп, қатарынан тіркелген үш жеңілістен кейін жеңіске жетті. Ал магнитогорскілік команда алдыңғы кездесуінде Омбының «Авангардына» қосымша уақытта 3:4 есебімен есе жіберді.
Бұл маусымда командалар бір рет кездескен. 18 қыркүйекте Магнитогорскіде өткен матчта алаң иелері 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Біздің серіктес: Sport12kz