6 сағат бұрын
ИИХФ: Ресей жастар құрамасы хоккейден әлем чемпионатына қатыса алмайды
Фото. championat.ru
Халықаралық хоккей федерациясы ресми мәлімдеме жасап, онда Канада үкіметінің ұстанымына байланысты Ресей құрамасы хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатына қатыса алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
«ИИХФ Канада үкіметі ресми түрде жариялаған ұстаным мен шектеулерге байланысты Ресейдің жастар құрамасы (U20) жастар арасындағы әлем чемпионатына қатыса алмайтынын растайды.Турнирді басқа жағдайда өткізу мүмкіндігін мұқият зерделегеннен кейін ИИХФ Кеңесі Канада алаң иесі болып қалады, ал турнирдің өзі 2026 жылғы 26 желтоқсаннан 2027 жылғы 5 қаңтарға дейін Эдмонтон мен Ред-Дирде өтеді деп шешті, - деп жазылған хабарламада.
Ақпарат бойынша қатысушы барлық ұлттық хоккей қауымдастықтары бұл шешім туралы хабардар етілгені жария етілді. Жақын арада жастар арасындағы әлем чемпионаты, IA дивизионындағы жастар арасындағы әлем чемпионатына арналған матчтардың жаңартылған кестесі жарияланады.
Біздің серіктес: Sport12kz