7 сағат бұрын
«Барыс» ҚХЛ рейтингінде үздік сегіздікке енді
Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) жаңартылған рейтингінде 12 сатыға жоғарылап, сегізінші орынға жайғасты.
ҚХЛ 2026/2027 жылғы маусымның оныншы аптасынан кейін командалардың рейтингін жаңартты. Михаил Кравец баптайтын елордалық клубтың көрсеткіші алдыңғы тізіммен салыстырғанда айтарлықтай жақсарған.
Рейтинг командалардың маусымдағы нәтижелерін ескеретін «Күш индексі» негізінде жасалады. Чемпионат басталғанда барлық клуб бірдей ұпаймен бастайды.
Есептеу тәртібі бойынша, негізгі уақыттағы жеңіс командаға қарсыласының ұпай қорының 25 пайызын береді. Ал овертаймда немесе буллит сериясында басым түскен клуб қарсыласының ұпайының 12,5 пайызын иеленеді.
Біздің серіктес: Sport12kz