17 сағат бұрын
«Барыс» Омбыда «Авангардпен» кездеседі
20 қараша, жұма күні Омбы қаласында Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында «Авангард» пен «Барыс» командалары кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Авангард» – «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 18:30-да басталады.
«Барыс» 27 ойыннан кейін 29 ұпай жинап, турнир кестесінде келеді. Ал «Авангард» 26 матчта 32 ұпай еншілеген.
Омбылық клуб соңғы кездесуінде өз алаңында Владивостоктың «Адмиралын» 3:1 есебімен жеңіп, жеңісті сериясын үш матчқа жеткізді. Ал «Барыс» бұған дейін Уфаның «Салават Юлаев» командасына қонақта 3:5 есебімен жол берді.
Бұл маусымда командалар бір рет кездескен. 10 қазанда Астанада өткен матчта «Барыс» қарсыласын 5:1 есебімен ойсырата жеңген еді.
Құрлықтық хоккей лигасындағы соңғы бес кездесудің үшеуінде астаналық клуб жеңіске жетсе, қалған екі матчта «Авангард» басым түскен.
Біздің серіктес: Sport12kz