22 сағат бұрын
Нұрқанат Серікбаев әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді
Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Загребте өткен Гран-при турниріндегі жеңісінен кейін әлемдік рейтингтің үздік ондығына енді. Ол 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірден алты сатыға көтерілді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жаңартылған рейтингте Серікбаев 16-орыннан 10-орынға жайғасып, еншісіне 2748 ұпай жинады. Бұл салмақта жапониялық Хифуми Абэ 5200 ұпаймен көш бастап тұр.
Загребтегі Гран-при турнирінің финалында Нұрқанат Серікбаев бразилиялық Рональд Лиманы иппон әдісімен жеңіп, алтын медаль иеленді. Ал финалда жеңілген бразилиялық спортшы рейтингте сегізінші орыннан жетінші сатыға көтеріліп, 3389 ұпайға ие болды.
Қазақстан құрамасы Загребтегі жарысты үш медальмен аяқтады. Серікбаевтың алтынынан бөлек, Ғалия Тынбаева (48 келіге дейін) мен Аман Бақытжан (60 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды.
Біздің серіктес: Sport12kz