7 сағат бұрын
Қазақстандық дзюдошы жапон балуанын жеңіп, әлем чемпионы атанды
Қазақстандық дзюдошы Санжар Ерұланұлы Ташкентте өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
100 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз финалда жапониялық Шокей Хираноны жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Санжар жарыс барысында Германия, Италия, Әзербайжан және Испания спортшыларынан басым түсіп, финалға жолдама алған еді. Шешуші белдесуде де қарсыласына мүмкіндік бермеді.
Айта кетейік, қазақстандық дзюдошы 2024 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында да топ жарған. Осылайша, ол екі жас санатында да әлем чемпионы атанды.
Ташкенттегі байрақты бәсекеге 82 елден 594 спортшы қатысып жатыр.
Біздің серіктес: Sport12kz