Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

11.03.2025

Дуглас Жуниор Арменияда ұлттық құрама сапына қосылды

Дуглас Жуниор Арменияда ұлттық құрама сапына қосылды

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футзалдан Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы Қазақстан -Армения кездесуіне ұлттық құрама ойыншысы Дуглас Жуниор қосылды.

Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті.

Дуглас Жуниор алған жарақатына байланысты ұлттық құраманың өз алаңында Албанияға қарсы өткен ойынына (4:2) қатыса алған жоқ.

Кездесу 12 наурыз күні Астана уақыты бойынша 20:00-де басталады. Ойынды Армения футбол федерациясы Техникалық орталығының академиясы қабылдайды. Тікелей көрсетілімді «Qazsport» телеарнасы ұсынады. 

10 наурызда футзалдан Қазақстан құрамасы Астана – Мәскеу – Ереван бағыты арқылы Арменияға ұшып келді.

Бас бапкер Рикардо Кака ұзақ жолдан кейін ойыншылардың денесін ширату үшін Армения астанасында алғашқы жаттығуында жасап үлгерді. Ертеңге ойын алды ресми жаттығу жоспарланған.

Дуглас Жуниор 2015 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ойын көрсетіп келеді. Қазірге дейін 91 кездесуде 65 гол соғып үлгерді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан