2 сағат бұрын
Масвидаль Хокиттің жеңісіне 200 мың доллар тіккен
UFC-де чемпиондық белбеу үшін екі рет таласқан Хорхе Масвидаль Джош Хокиттің алдағы жекпе-жекте жеңіске жететініне сенімді. Ол америкалық файтердің жеңісіне 200 мың доллар қойғанын айтты.
Масвидальдің сөзінше, бәсі сәтті болса, бір миллион доллар ұтады.
«Хокиттің жеңісіне 200 мың доллар тіктім. Егер ол жеңсе, бір миллион доллар аламын», – деді ол Deep Waters бағдарламасында.
Хокит 15 қарашада Нью-Йоркте өтетін UFC 334 турнирінде ауыр салмақтағы чемпион Сириль Ганмен кездеседі.
28 жастағы америкалық UFC-де төрт жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.
Біздің серіктес: Sport12kz