13 сағат бұрын
Асу Алмабаев пен жапониялық файтердің көрсеткіштері
Қазақстандық файтер Асу Алмабаев 21 қараша, сенбі күні Дохада (Катар) өтетін UFC Fight Night 294 турнирінде жапониялық Кёдзи Хоригучимен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алмабаев (24-3) пен Хоригути (36-6) арасындағы айқастың тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен шамамен сағат 23:20-да басталады.
Жекпе-жек алдында Асу Алмабаев UFC-дің аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингінде жетінші орында тұр. Ал оның қарсыласы Кёдзи Хоригути бесінші сатыға жайғасқан.
Қазақстандық спортшы соңғы жекпе-жегін маусым айында өткізіп, америкалық Чарльз Джонсонды (20-9) үшінші раундта ауырту әдісімен жеңген. Ал Хоригути де октагонға маусымда шығып, португалиялық Манел Капеден (23-7) үшінші раундта нокаутпен жеңіліп қалған.
Біздің серіктес: Sport12kz