Матч орталығы
Премьер-лига Футбол Динамо Динамо 1:1 74 Краснодар Краснодар КХЛ Хоккей Авангард Авангард 3:1 Үзіліс Ак Барс Ак Барс А сериясы Футбол Ювентус Ювентус 0:0 51 Венеция Венеция КХЛ Хоккей Барыс Барыс 1:0 09:56 Динамо Минск Динамо Минск Чемпионшип Футбол Бернли Бернли 1:1 35 Блэкберн Блэкберн Ла Лига Футбол Барселона Барселона 18:00 Бүгін Вильярреал Вильярреал Ұлттық лига Хоккей Серветт Серветт 18:00 Бүгін Лозанна Лозанна Суперлига Футбол Коньяспор Коньяспор 18:00 Бүгін Бешикташ Бешикташ Эредивизи Футбол Аякс Аякс 18:30 Бүгін Ден Хааг Ден Хааг Премьер-лига Футбол Халл Халл 19:00 Бүгін Брайтон Брайтон Лига 1 Футбол Париж Париж 19:00 Бүгін Анже Анже А сериясы Футбол Сассуоло Сассуоло 19:00 Бүгін Дженоа Дженоа А сериясы Футбол Болонья Болонья 19:00 Бүгін Удинезе Удинезе Бундеслига Футбол Аугсбург Аугсбург 19:30 Бүгін Майнц Майнц Ла Лига Футбол Расинг Расинг 20:15 Бүгін Реал Сосьедад Реал Сосьедад Сегунда Футбол Спортинг Хихон Спортинг Хихон 20:15 Бүгін Лас Пальмас Лас Пальмас Буэнос-Айрес женщины Теннис Жибек Куламбаева Жибек Куламбаева 21:10 Бүгін Rondinoni, Guadalupe Rondinoni, Guadalupe Лига 1 Футбол Лорьян Лорьян 21:15 Бүгін Ренн Ренн Бундеслига Футбол Вердер Вердер 21:30 Бүгін Гамбург Гамбург Премьер-лига Футбол Ливерпуль Ливерпуль 21:30 Бүгін Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед

2 күн бұрын

«Жоғары гонорарды жұлдыздарға төлейді»: Дияр Нұрғожай UFC-дегі табыс туралы айтты

«Жоғары гонорарды жұлдыздарға төлейді»: Дияр Нұрғожай UFC-дегі табыс туралы айтты

Қазақстандық UFC жауынгері Дияр Нұрғожай ұйымдағы спортшылардың гонорары туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, жоғары гонорар негізінен танымал файтерлерге төленеді. Ал UFC-мен енді келісімшартқа отырған спортшылардың табысы айтарлықтай жоғары емес. Бұл туралы Sport12.kz Namys Fighting басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Нұрғожайдың сөзінше, Дана Уайттың Contender Series турнирі арқылы UFC-ге жолдама алған жауынгерлерге бастапқыда аса жоғары қаржылық шарттар ұсынылмайды. Жақсы келісімшартқа қол жеткізу үшін спортшы жанкүйерлердің назарын аударып, жекпе-жектерде көзге түсуі керек.

«Көпшілік UFC-де өте көп ақша төлейді деп ойлайды. Бірақ олар жоғары гонорарды негізінен өз жұлдыздарына береді. UFC — үлкен жарнама машинасы. Сондықтан жақсы келісімшартқа қол жеткізу үшін спортшының өзі де жарқын өнер көрсетіп, көпшіліктің назарын аударуы керек», — деді қазақстандық файтер.

Сондай-ақ ол UFC-мен алғашқы келісімшартқа қол қойған кезде гонорар мөлшеріне мән бермегенін айтты. Оның басты мақсаты — осы ұйымның октагонында өнер көрсету болған.

«Мен үшін UFC-де өнер көрсету арман еді. Ол кезде бұл қол жетпейтін мақсат сияқты көрінетін. Келісімшартқа қол қойған кезде оның шарттарын да қарамадым. Тек жекпе-жек өткізіп, табыс тауып, үнемі октагонға шығып тұрсам болды деп ойладым», — деді Нұрғожай.

Айта кетейік, Дияр Нұрғожай 2024 жылы Dana White’s Contender Series турнирінде Бартос Шевчикті нокаутпен жеңіп, UFC-мен келісімшартқа отырған. Алайда ұйымдағы алғашқы екі жекпе-жегінде мерзімінен бұрын жеңіліп қалды. Кейін қатарынан екі жеңіске жетті. Соңғы рет тамыз айында Бруно Лопесті техникалық нокаутпен жеңген.

Қазақстандық спортшы UFC-дегі бесінші жекпе-жегін 21 қарашада Қатарда өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Алик Лоренц болады.



Біздің серіктес: Sport12kz