2 күн бұрын
Асу Алмабаев пен Дияр Нұрғожай UFC турнирі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті
Қазақстандық файтерлер Асу Алмабаев пен Дияр Нұрғожай UFC Fight Night 294 турнирі алдындағы ресми салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті.
Асу Алмабаевтың салмағы 56,9 келіні құрады. Оның қарсыласы, жапониялық Кедзи Хоригути 57,2 келі көрсетті. Осылайша, екі файтер де аса жеңіл салмақ дәрежесінің талаптарына сай келді.
Ал Дияр Нұрғожай мен америкалық Алик Лоренцтің салмағы бірдей 93 келі. Олар жартылай ауыр салмақта кездеседі.
Асу Алмабаев пен Кедзи Хоригути арасындағы жекпе-жек турнирдің негізгі кардында өтеді. Ал Дияр Нұрғожай мен Алик Лоренц алдын ала кездесулер бөлімінде октагонға шығады.
UFC Fight Night 294 турнирі 21 қарашада Қатар астанасы Дохадағы ABHA Arena-да өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде UFC-дің бұрынғы чемпионы Иржи Прохазка мен Навахо Стирлинг кездеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz