1 күн бұрын
Арман Әшімов IBA Nomad турнирінде өзбекстандық файтермен кездеседі
Қазақстандық ММА файтері Арман Әшімов 12 желтоқсанда Алматыда өтетін IBA Nomad турнирінде өзбекстандық Азизбек Темировке қарсы жекпе-жек өткізеді.
Аса жеңіл салмақтағы айқас жұдырықтасу ережесі бойынша ұйымдастырылады. Бұл Әшімовтің IBA Nomad аясындағы төртінші жекпе-жегі болмақ. Ал Азизбек Темиров аталған промоушенде алғаш рет өнер көрсетеді.
Қазақстандық спортшы соңғы кездесуін биыл 4 шілдеде Алматыда өткен IBA Nomad 15 турнирінде өткізіп, UFC-дің бұрынғы файтері Джефф Молинаны төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген еді. Қазіргі таңда оның кәсіби рекордында 12 жеңіс, 4 жеңіліс және 1 тең нәтиже бар.
28 жастағы Азизбек Темиров ММА-дегі тоғыз жекпе-жегінің алтауында жеңіске жеткен. Оның барлық жеңісі мерзімінен бұрын аяқталған: қарсыластарын нокаутпен немесе техникалық нокаутпен ұтқан. Өзбекстандық файтер бұған дейін OCTAGON, LFA және Rizin лигаларында өнер көрсеткен.
Темиров соңғы жекпе-жегін тамыз айында Жапонияда өткен Rizin 54 турнирінде өткізіп, Джоджи Готоға қылқындыру әдісімен есе жіберген еді.
Біздің серіктес: Sport12kz