2 сағат бұрын
Жалғас Жұмағұлов чемпиондық белбеуінен бас тартты
Қазақстандық ММА файтері Жалғас Жұмағұлов Oktagon MMA лигасындағы чемпиондық белбеуін босатып, ұйымдағы мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады.
Спортшының айтуынша, ол промоушен басшылығына титулдан бас тартатынын ескерткен. Бұған жеңіл салмақта лайықты қарсыластың жоқтығы және 56 келіге дейін салмақ қууға ниетінің болмауы себеп болған.
«Oktagon-да енді 100 пайыз жұдырықтаспаймын. Оларға белбеуді босататынымды айттым. Қарсы жақта лайықты қарсылас жоқ. Оның үстіне, 56 келіге дейін салмақ қуудан шаршадым. Егер Игор Северино менің салмағыма түссе, жекпе-жекке шығуға дайынмын. Ал 25 желтоқсанға ұсынған кездесуден бас тарттым», – деді Жалғас Жұмағұлов.
Айта кетейік, қазақстандық файтер 2025 жылғы маусымда грузиялық Бено Адамияны жеңіп, Oktagon MMA тарихындағы Қазақстаннан шыққан алғашқы чемпион атанған еді. Сол жылдың желтоқсанында чехиялық Давид Дворжакты мерзімінен бұрын жеңіп, чемпиондық белбеуін қорғады.
Біздің серіктес: Sport12kz