Матч орталығы
НХЛ Хоккей Даллас Даллас 2:1 Қос. уақытта Флорида Флорида УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Қазақстан Қазақстан 20:00 Бүгін Словакия Словакия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Эстония Эстония 22:00 Бүгін Болгария Болгария УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Исландия Исландия 22:00 Бүгін Люксембург Люксембург УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Литва Литва 22:00 Бүгін Лихтенштейн Лихтенштейн Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Андорра Андорра 23:00 Бүгін Әзербайжан Әзербайжан УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Грекия Грекия 00:45 Ертең Сербия Сербия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Солтүстік Македония Солтүстік Македония 00:45 Ертең Словения Словения УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Швейцария Швейцария 00:45 Ертең Шотландия Шотландия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Германия Германия 00:45 Ертең Нидерланд Нидерланд УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Гибралтар Гибралтар 00:45 Ертең Мальта Мальта Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Сингапур Сингапур 15:00 Ертең Бразилия Бразилия Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Жапония Жапония 18:10 Ертең Парагвай Парагвай Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Катар Катар 19:00 Ертең Оңтүстік Корея Оңтүстік Корея Международный Кубок Чемпионов Футбол Үндістан Үндістан 19:00 Ертең Пәкістан Пәкістан Еуропа чемпионаты U19 Футбол Косово U19 Косово U19 20:00 Ертең Қазақстан U19 Қазақстан U19 Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Сауд Арабиясы Сауд Арабиясы 20:30 Ертең Өзбекстан Өзбекстан Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Ресей Ресей 21:00 Ертең Венесуэла Венесуэла Итоговый турнир мужчины Теннис Александр Зверев Александр Зверев 00:30 18.11 Бен Шелтон Бен Шелтон Еуролига Баскетбол Барселона Барселона 00:30 18.11 Париж Париж

29.12.2025

Милан-2026 қысқы Олимпиадасында туды кім ұстап шығатыны белгілі болды

Милан-2026 қысқы Олимпиадасында туды кім ұстап шығатыны белгілі болды

Алдағы қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 2026 жылғы 6 ақпанда Милан қаласындағы «Сан-Сиро» стадионында өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz

Туризм және спорт министрлігінің Қоғамдық кеңесінің отырысы барысында Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев төрт жылдықтың басты додасының ашылу салтанатында ту ұстаушы болып кімдер таңдалғанын хабарлады.

— Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстанның туын шорт-тректен ҚР-ның еңбек сіңірген спорт шебері Денис Никиша мен шорт-тректен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Яна Хан алып шығады, — деді ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев.

30 жастағы Денис Никиша — шорт-тректен 500 метр қашықтықта өткен әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері (2024, 2025).

25 жастағы Яна Хан — 2025 жылғы Қысқы Азия ойындарының эстафетадағы күміс жүлдегері.

Сондай-ақ Нұрлан Есембаев 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға Қазақстаннан 35 спортшы қатысады деп күтіліп отырғанын атап өтті. Қатысушылардың ең көбі Ақмола облысынан, Астана қаласынан, Шығыс Қазақстан облысынан және Алматы қаласынан болады деп күтілуде.


Біздің серіктес: Sport12kz