Матч орталығы
А сериясы Футбол Наполи Наполи 3:3 Аяқталды Рома Рома Ла Лига Футбол Валенсия Валенсия 1:2 Аяқталды Вильярреал Вильярреал Премьер-лига Футбол Челси Челси 0:2 Аяқталды Тоттенхэм Тоттенхэм Бундеслига Футбол Боруссия Боруссия 1:0 Аяқталды Айнтрахт Айнтрахт Суперлига Баскетбол Бахчешехир Бахчешехир 100:96 Аяқталды Бешикташ Бешикташ Ұлттық лига Хоккей Лозанна Лозанна 2:0 Аяқталды Фрибург Фрибург АБА лигасы Баскетбол Спартак Суботица Спартак Суботица 80:82 Аяқталды Партизан Партизан Жоғарғы лига Футбол Вестерло Вестерло 4:4 Аяқталды Васланд Беверен Васланд Беверен А сериясы Футбол Лацио Лацио 2:1 Аяқталды Парма Парма Лига 1 Футбол Ланс Ланс 2:1 Аяқталды Париж Париж Ла Лига Футбол Атлетико Атлетико 1:0 Аяқталды Депортиво Депортиво Примейра-лига Футбол Жил Висенте Жил Висенте 0:1 Аяқталды Порту Порту НХЛ Хоккей Эдмонтон Эдмонтон 0:3 09:45 Торонто Торонто Челленджер Сеул Теннис Ko, Min Ho Ko, Min Ho 08:50 Бүгін Бейбіт Жұқаев Бейбіт Жұқаев Токио женщины Теннис Саяка Ишии Саяка Ишии 09:10 Бүгін Юлия Путинцева Юлия Путинцева Базель мужчины Теннис Доминик Стрикер Доминик Стрикер 14:00 Бүгін Александр Бублик Александр Бублик Нинбо женщины Теннис Елена Рыбакина Елена Рыбакина 14:00 Бүгін Лейла Фернандес Лейла Фернандес Премьер-Лига Футбол Алтай Алтай 15:00 Бүгін Елімай Елімай Премьер-Лига Футбол Атырау Атырау 16:00 Бүгін Ертіс Ертіс А сериясы Футбол Интер Интер 16:30 Бүгін Фиорентина Фиорентина

30.07.2026

Қазақстан мен Индонезия ҰОК ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Қазақстан мен Индонезия ҰОК ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Фото: Қазақстан ҰОК

Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің өкілдері мен Индонезия Ұлттық Олимпиадалық комитеті президентінің кеңесшісі кіші-Мариус Визер арасында жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстан тарапынан кездесуге бас директор Нұрлан Нөгербек пен Спорт департаментінің басшысы Бектұр Қиятбай қатысты.

Кездесу барысында тараптар екі елдің Ұлттық Олимпиадалық комитеттері арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ, алда өтетін ірі халықаралық спорт жарыстарын талқылады.

Бокс спортын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Индонезия өкілі Джакарта қаласында өткен 19 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып, елде жастар спортын дамытуға басымдық берілетінін атап өтті.

Сондай-ақ кіші-Мариус Визер Индонезияның халықаралық спорт жобаларын жүзеге асыруға қатысты жоспарларымен бөлісті. Ол елдің «Болашақ ойындарын» өткізуге қызығушылық танытып отырғанын айтып, Азияның әлемдік спорт қозғалысындағы рөлінің артып келе жатқанын ерекше атап өтті.

Кездесу соңында тараптар серіктестік қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға және Ұлттық Олимпиадалық комитеттердің негізгі бағыттар бойынша өзара байланысын кеңейтуге дайын екенін растады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Астанада Қазақстан Республикасы мен Сербияның Ұлттық Олимпиадалық комитеттері өкілдерінің екіжақты кездесуі өтті.


Біздің серіктес: Sport12kz