5 сағат бұрын
Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды
Қазақстандық велошабандоз Әнел Тәшбай Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды.
Отандасымыз тасжолдағы велоспорттың жекелей уақытқа жарысында үздік нәтиже көрсетті. Ол белгіленген қашықтықты 11 минут 32,57 секундта бағындырып, қарсыластарынан озып шықты.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынындағы медаль саны үшке жетті. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева алтын жүлдеге ие болса, триатлоншы Рамазан Әйнегов қола медаль жеңіп алған еді.
Біздің серіктес: Sport12kz