29.09.2025
Суға жүзуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үш медаль алды
Фото: Қазақстан ҰОК
Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы жүзуден үш медаль жеңіп алды.
100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Максим Сказобцов күміс жүлдегер атанса, Әділбек Мусин бесінші болып келді.
София Аубакирова 50 метр арқамен жүзуде екінші нәтиже көрсетті. Ал Софья Сподаренко 100 метр баттерфляй әдісімен жүзуде қола медальға қол жеткізді.
Біздің серіктес: Sport12kz