Матч орталығы
НХЛ Хоккей Эдмонтон Эдмонтон 2:7 Аяқталды Торонто Торонто Челленджер Сеул Теннис Ko, Min Ho Ko, Min Ho 0:2 Аяқталды Бейбіт Жұқаев Бейбіт Жұқаев Токио женщины Теннис Саяка Ишии Саяка Ишии 1:2 Аяқталды Юлия Путинцева Юлия Путинцева Базель мужчины Теннис Доминик Стрикер Доминик Стрикер 14:00 Бүгін Александр Бублик Александр Бублик Нинбо женщины Теннис Елена Рыбакина Елена Рыбакина 14:00 Бүгін Лейла Фернандес Лейла Фернандес Премьер-Лига Футбол Алтай Алтай 15:00 Бүгін Елімай Елімай Премьер-Лига Футбол Атырау Атырау 16:00 Бүгін Ертіс Ертіс А сериясы Футбол Интер Интер 16:30 Бүгін Фиорентина Фиорентина КХЛ Хоккей Салават Юлаев Салават Юлаев 16:30 Бүгін Ак Барс Ак Барс Премьер-лига Футбол Хиберниан Хиберниан 17:00 Бүгін Селтик Селтик Премьер-лига Футбол ЦСКА ЦСКА 18:00 Бүгін Спартак Спартак Ла Лига Футбол Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао 18:00 Бүгін Хетафе Хетафе Премьер-Лига Футбол Ақтөбе Ақтөбе 18:00 Бүгін Қайрат Қайрат Эредивизи Футбол ПСВ ПСВ 18:30 Бүгін Фейеноорд Фейеноорд А сериясы Футбол Дженоа Дженоа 19:00 Бүгін Венеция Венеция Премьер-Лига Футбол Астана Астана 19:00 Бүгін Қайсар Қайсар А сериясы Футбол Аталанта Аталанта 19:00 Бүгін Фрозиноне Фрозиноне КХЛ Хоккей СКА СКА 19:00 Бүгін ЦСКА ЦСКА Премьер-лига Футбол Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед 19:00 Бүгін Борнмут Борнмут Премьер-лига Футбол Ливерпуль Ливерпуль 19:00 Бүгін Брайтон Брайтон

16 сағат бұрын

Нариман Құрбанов әлем чемпионатында қолаға қол созым жерде сүрінді

Нариман Құрбанов әлем чемпионатында қолаға қол созым жерде сүрінді

Нидерландының Роттердам қаласында спорттық гимнастикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан өкілі Нариман Құрбанов жүлдеге қол жеткізе алмады.

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері ат снарядындағы жаттығудың финалында 14,933 ұпай жинап, төртінші орынға тұрақтады. Қола медаль үшін қазақстандық гимнастқа небәрі 0,067 ұпай жетіспеді.

Бұл бағдарламада Армения спортшысы Гамлет Манукян 15,300 ұпаймен әлем чемпионы атанды. Италиялық Габриэле Таргетта 15,233 ұпай жинап, күміс медаль иеленсе, Мамикон Хачатрян 15,000 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Қазақстан спорттық гимнастикадан әлем чемпионатындағы соңғы жүлдесін 2023 жылы жеңіп алған. Сол кезде Милад Карими Бельгияда өткен әлем біріншілігінде еркін жаттығу бағдарламасы бойынша қола медальға ие болды.


Біздің серіктес: Sport12kz