14 сағат бұрын
Михайл Шайдоров Франциядағы жарысты төртінші орынмен бастады
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Францияның Анже қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламасын орындады.
Қазақстандық спортшы 80,25 ұпай жинап, 12 қатысушының арасында төртінші орынға жайғасты.
Қысқа бағдарламада франциялық Адам Сяо Хим Фа 102,46 ұпаймен көш бастады. Эстония өкілі Александр Селевко 85,49 ұпаймен екінші орынға тұрақтаса, оңтүстіккореялық Со Мин Гю 83,83 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Михаил Шайдоров жүлдеге таласу мүмкіндігін еркін бағдарламада сақтап қалуға тырысады. Шешуші кезең 25 қазанда өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz