2 күн бұрын
Ақтөбе облысында жеңіл атлетиканы дамытуға басымдық беріледі
Фото. Qazathletics.kz
30 қазанда Ақтөбе қаласында өткен өңірлік конференцияда жеңіл атлетиканы дамытудың негізгі бағыттары талқыланды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жиынға Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бірінші вице-президенті Алпамыс Бақытұлы мен бас хатшысы Келбет Нұрғазина қатысты. Конференция қорытындысы бойынша Құдайберген Арымбек Берікұлы Ақтөбе облыстық жеңіл атлетика федерациясының президенті болып тағайындалды.
Алдағы уақытта өңірде бұқаралық спортты насихаттау, жас спортшыларды қолдау және жеңіл атлетиканың әлеуетін арттыру бағытында жаңа жобалар қолға алынбақ.
Біздің серіктес: Sport12kz