14 сағат бұрын
Қазақстандық мерген әлем чемпионатының финалына жолдама алды
Қазақстандық мерген Александра Ле Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатында финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандасымыз 50 метр қашықтықтан шағын калибрлі мылтықпен үш қалыпта нысана көздеу сайысының іріктеу кезеңінде 590 ұпай жинады. Осы нәтижемен сегіз үздік спортшының қатарына еніп, алтыншы орыннан ақтық сынға өтті.
Іріктеу кезеңінде ең жоғары көрсеткішті Ұлыбритания өкілі Сеонайд Макинтош тіркеді. Ол 597 ұпай жинады. Екінші орынды 594 ұпаймен норвегиялық Жанетт Хегг Дуэстад иеленсе, сербиялық Александра Стоядинович 593 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Әлем чемпионатының жүлделері сарапқа салынатын финалдық бәсеке бүгін, 9 қарашада өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz