2 сағат бұрын
Дарын Қонысбаев триатлоннан халықаралық турнирде бақ сынайды
Қазақстандық триатлоншы Дарын Қонысбаев 13 қарашада Әбу-Дабиде өтетін Әлем чемпионаты сериясының кезеңінде жарыс жолына шығады. Спринттік қашықтықтағы жекелей сайысқа 55 спортшы қатысады.
Бұл бәсекеде берілетін ұпайлар Олимпиадаға іріктеу рейтингінде есептеледі.
Айта кетейік, Қонысбаев Гонконгта өткен Әлем кубогы кезеңінде 51 минут 55 секунд нәтиже көрсетіп, қазақстандықтар арасында үздік атанды. Жалпы есепте 40-орынға тұрақтады.
Біздің серіктес: Sport12kz