6 сағат бұрын
Қазақстандық гимнаст Олимпиада финалында өнер көрсетті
Қазақстандық спорттық гимнастика өкілі Ева Тациева Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының жекелей көпсайыс финалында 15-орын иеленді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық спортшы төрт снарядтағы жаттығуларын орындап, жалпы 47,432 ұпай жинады. Осылайша, ол жүлдегерлер қатарынан көріне алмады.
Көпсайыста 54,665 ұпай жинаған ресейлік Полина Дмитриева жеңіске жетті. Франция өкілі Луана Плиссон (53,665) күміс медаль иеленсе, Қытай гимнасшысы Ци Чжон (53,199) үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, бұған дейін Ева Тациева іріктеу кезеңінде 47,866 ұпай жинап, 21-орын алған еді. Алайда жарыс ережесіне сәйкес, бір елден финалға екі спортшыдан артық қатыса алмайды. Осы талаптың арқасында қазақстандық гимнаст 18 финалистің қатарына қосылды.
Біздің серіктес: Sport12kz