Матч орталығы
Международный Кубок Чемпионов Футбол Үндістан Үндістан 1:0 74 Мальдив Мальдив Международный Кубок Чемпионов Футбол Бангладеш Бангладеш 19:00 Бүгін Шри-Ланка Шри-Ланка Еуропа чемпионаты U19 Футбол Қазақстан U19 Қазақстан U19 20:45 Бүгін Шотландия U19 Шотландия U19 КХЛ Хоккей СКА СКА 21:30 Бүгін Динамо Динамо Стокгольм мужчины Теннис Александр Шевченко Александр Шевченко 22:00 Бүгін Каспер Рууд Каспер Рууд Еуролига Баскетбол Париж Париж 00:45 Ертең Фенербахче Фенербахче Итоговый турнир женщины Теннис Арина Соболенко Арина Соболенко 02:10 Ертең Мирра Андреева Мирра Андреева КХЛ Хоккей Салават Юлаев Салават Юлаев 19:00 Ертең Ак Барс Ак Барс КХЛ Хоккей Барыс Барыс 19:30 Ертең Адмирал Адмирал УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Түркия Түркия 22:00 Ертең Бельгия Бельгия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Армения Армения 22:00 Ертең Кипр Кипр Испания кубогы Футбол ЦД Таранкон ЦД Таранкон 23:00 Ертең Леванте Леванте Испания кубогы Футбол Навалькарнеро Навалькарнеро 23:00 Ертең Бетис Бетис Франция кубогы Футбол Шамбери Шамбери 23:00 Ертең Гренобль Гренобль Еуролига Баскетбол Валенсия Валенсия 00:30 13.11 Бавария Бавария УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Албания Албания 00:45 13.11 Финляндия Финляндия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Черногория Черногория 00:45 13.11 Латвия Латвия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Чехия Чехия 00:45 13.11 Испания Испания УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Англия Англия 00:45 13.11 Хорватия Хорватия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Сан-Марино Сан-Марино 00:45 13.11 Беларусь Беларусь

5 сағат бұрын

Бибісара Асаубаева блиц кезеңін жеңіссіз аяқтады

Бибісара Асаубаева блиц кезеңін жеңіссіз аяқтады

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан Total Chess World Championship Tour Pilot 2026 турнирінің блиц бағдарламасында соңғы орын алды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Алтыншы турда Асаубаева өзбекстандық Нодирбек Абдусатторовпен кездесті. Ақ фигуралармен ойнаған қазақстандық шахматшы қарсыласына есе жіберді. Кейін өзбек гроссмейстері 2,5 ұпаймен 22-орынға тұрақтады.

Тоғыз турдың қорытындысы бойынша Бибісара Асаубаева небәрі 0,5 ұпай жинап, 24 қатысушының арасында соңғы орынға жайғасты. Ол сегіз партияда жеңіліп, жалғыз тең нәтижеге соңғы турда үндістандық Вайшали Рамешбабумен кездескенде қол жеткізді.

Блиц бағдарламасында норвегиялық Магнус Карлсен тоғыз мүмкіндіктің жетеуін пайдаланып, жеңімпаз атанды. Франциялық Максим Вашье-Лаграв 6,5 ұпаймен екінші орын алса, америкалық Левон Аронян алты ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, блиц кезеңі турнирдің алдын ала кезеңі саналады. Оның нәтижелері топтық кезеңдегі қосымша көрсеткіштерді анықтау және плей-офф кезеңіндегі жұптарды қалыптастыру кезінде ескеріледі.

Турнирдің негізгі кезеңі 11 қарашада басталады. Бибісара Асаубаева D тобына түсіп, Арджун Эригайси, Максим Вашье-Лаграв, Ханс Ниманн, Уэсли Со және Вайшали Рамешбабумен бірге сынға түседі.

Total Chess World Championship Tour Pilot 2026 жарысы 20 қарашаға дейін жалғасады. Турнир бағдарламасына блиц, рапид және жылдам классика форматтары енгізілген.



Біздің серіктес: Sport12kz