1 сағат бұрын
Қазақстан бокс құрамасының дәрігері ХОК бағдарламасына қабылданды
Қазақстан бокс құрамасының дәрігері Ерсұлтан Юлдашев Халықаралық Олимпиадалық комитеттің (ХОК) спорттық медицина бойынша білім беру бағдарламасына іріктеуден өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық маманның кандидатурасын Ұлттық Олимпиадалық комитет ұсынған. Екі жылға созылатын оқу бағдарламасы спорттық медицина саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған.
Курс аясында Юлдашев спортшылардың жарақатының алдын алу, диагностика жасау, емдеу және қалпына келтірудің заманауи әдістерін меңгереді.
Оқудың соңғы кезеңінде ол Ұлыбританияда екі апталық тәжірибелік курстан өтеді. Сапар шығындарын бағдарлама ұйымдастырушылары өтейді.
Айта кетейік, IOC Diploma in Sports Medicine бағдарламасын осы уақытқа дейін 93 елден 700-ден астам маман аяқтаған. Оқу қорытындысы бойынша Ерсұлтан Юлдашев ХОК дипломына ие болады.
Біздің серіктес: Sport12kz