4 сағат бұрын
Астанада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді
16 қарашада елордада ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты жалауын көтереді. Спортшылар жекелеген жаттығулар бойынша елдің үздіктерін анықтайды.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, ұлттық біріншілікке 200-ден астам зілтемірші қатысады деп жоспарланған. Олардың қатарында Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері де бар.
Ерлер жеті салмақ дәрежесінде (60, 65, 71, 79, 88, 94 және 110 келі) бақ сынаса, әйелдер сегіз салмақта (48, 53, 58, 63, 69, 77, 86 және 86 келіден жоғары) жүлдеге таласады.
Қазақстан чемпионаты «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде өтеді. Жарыс 22 қарашаға дейін жалғасады.
Біздің серіктес: Sport12kz