3 сағат бұрын
Ербол Мырзабосынов таеквондо федерациясының өкілдерін марапаттады
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының басшылығы мен өңірлік ұйымдардың жетекшілерімен кездесті.
Жиында министр отандық таеквондоның дамуына, спортшыларды қолдауға және аймақтардағы жұмысты жандандыруға үлес қосқан федерация өкілдеріне алғыс білдірді.
Кездесу қорытындысында федерация президенті Кудрәт Шамиев, бас хатшы Арал Садықов, вице-президенттер Алмас Аширбеков, Надежда Хамитова, Айзат Қарашашев және Сұлтан Қасымов «Спорт саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Сондай-ақ бұл марапат федерация қызметкері Динара Кабдуловаға, ұлттық құраманың дәрігері Ахмет Гасановқа, Алматы қаласы федерациясының президенті Шухрад Шардиновке және Ақмола облысы федерациясының президенті Николай Боровинскийге табысталды.
Біздің серіктес: Sport12kz