2 сағат бұрын
Шорт-тректен әлем кубогына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
Бүгін, 12 қарашада Италияның Бормио қаласында шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының екінші кезеңі басталды.
Қазақстан құрамасы бұл жарысқа 10 спортшыны қосты. Ел намысын бес қыз және бес ұл қорғайды.
Қыздар: Даяна Айтыбек, Нұрия Алпысбай, Алина Лишенко, Раяна Манарбекова және Меруерт Сансызбаева.
Ұлдар: Әліби Әлімгереев, Жанарыс Мағжан, Максим Саенко, Жандос Серекпаев және Мейіржан Төлеген.
Жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының екінші кезеңі 14 қарашаға дейін жалғасады.
Біздің серіктес: Sport12kz