2 сағат бұрын
«11 келіге қалып тұрды» - қызылордалық 17 жастағы ауыр атлет ел чемпионы атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Ел чемпионатының екінші жарыс күнінде ерлер арасында 60 және 65 келіде жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, басты бәсеке 65 келіде өрбіп, 17 жастағы Мұхаммедали Қойшыбек (Қызылорда обл) жұлқа көтеру сайысында көшбасшыдан 11 келі қалып келе жатса да, серпе көтеруде қарсыластарынан басып озып, алғаш рет ел чемпионы атағына қол жеткізді.
60 келі. Жұлқа көтеру
1.Өтепберген Әлиев (БҚО) - 123 келі
2.Алексей Дроздов (Алматы обл) - 115 келі
3.Станислав Журавлев (Қарағанды обл) - 110 келі
Серпе көтеру
1.Өтепберген Әлиев (БҚО) - 141 келі
2.Алексей Дроздов (Алматы обл) - 138 келі
3.Азамат Төлеген (Қызылорда обл) - 136 келі
Қоссайыс қорытындысы:
1.Өтепберген Әлиев (БҚО) - 264 келі (123+141)
2.Алексей Дроздов (Алматы обл) - 253 келі (115+138
3.Азамат Төлеген (Қызылорда обл) - 246 келі (110+135)
65 келі. Жұлқа көтеру
1.Никита Журавлев (Қостанай обл) - 119 келі
2.Тимур Хасаров (Жетісу обл) - 113келі
3.Аблай Анамбай (Жетісу обл) - 111 келі
Серпе көтеру
1.Мұхаммедали Қойшыбек (Қызылорда обл) - 150 келі
2.Жанасыл Арапбай (Түркістан обл) - 142 келі
3.Аблай Анамбай (Жетісу обл) - 141 келі
Қоссайыс қорытындысы:
1.Мұхаммедали Қойшыбек (Қызылорда обл) - 258 келі (108+150)
2.Никита Журавлев (Қостанай обл) - 254 келі (119+135)
3.Аблай Анамбай (Жетісу обл) - 252 келі (111+141)
Ертең әйелдер арасында 57, 61, 69 және 77 келіде жүлде сарапқа салынады.
Айта кетсек, Астана қаласында ауыр атлетикадан әйелдер арасында 2 салмақтың жеңімпазы белгілі болды.
Біздің серіктес: Sport12kz