2 күн бұрын
Шаңғы жарысынан әлем кубогының алғашқы кезеңіне Қазақстаннан сегіз спортшы қатысады
2026/2027 жылғы маусымдағы шаңғы жарысынан әлем кубогының алғашқы кезеңі Финляндияның Рука қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы бұл жарыста сегіз спортшымен өнер көрсетеді.
Ұлттық құрама сапына Әмірғали Мұратбеков, Нартай Тұрлыбекұлы, Ернар Нұрсбеков, Олжас Климин, Надежда Степашкина, Дарья Ряжко, Ксения Шалыгина және Анна Мельник енген.
Жарыстың алғашқы күні, 27 қарашада, спортшылар классикалық стильде 10 шақырымдық жеке жарысқа қатысады.
28 қарашада классикалық стильдегі спринт бәсекелері өтсе, 29 қарашада 20 шақырымдық еркін стильдегі масс-старт ұйымдастырылады.
Біздің серіктес: Sport12kz