Матч орталығы
Конференциялар лигасы Футбол Қайрат Қайрат 1:0 Аяқталды Мьельбю Мьельбю КХЛ Хоккей Спартак Спартак 1:5 Аяқталды ЦСКА ЦСКА Еуропа лигасы Футбол Виктория Виктория 4:0 Аяқталды Бенфика Бенфика Конференциялар лигасы Футбол Хартс Хартс 2:3 90+5 Монако Монако Конференциялар лигасы Футбол Иберия Иберия 1:0 Аяқталды Хетафе Хетафе Конференциялар лигасы Футбол Пафос Пафос 0:2 Аяқталды Мидтьюлланд Мидтьюлланд Конференциялар лигасы Футбол Яблонец Яблонец 2:0 Аяқталды Лугано Лугано Конференциялар лигасы Футбол Брайтон Брайтон 4:0 Аяқталды Крайова Крайова Конференциялар лигасы Футбол Эгнатия Эгнатия 2:1 Аяқталды Линкольн Ред Импс Линкольн Ред Импс Конференциялар лигасы Футбол Аякс Аякс 4:0 Аяқталды Тун Тун Конференциялар лигасы Футбол Кауно Кауно 2:0 89 Рига Рига Конференциялар лигасы Футбол Бранн Бранн 1:4 Аяқталды Орхус Орхус Еуропа лигасы Футбол Марсель Марсель 1:0 Аяқталды Левски Левски Еуропа лигасы Футбол Юнион Юнион 2:2 Аяқталды Лех Лех Еуропа лигасы Футбол Сельта Сельта 1:2 Аяқталды Борнмут Борнмут Еуропа лигасы Футбол Бешикташ Бешикташ 0:0 65 Хапоэль Хапоэль Еуропа лигасы Футбол Динамо Динамо 0:2 Аяқталды Байер Байер Еуропа лигасы Футбол Зальцбург Зальцбург 2:0 Аяқталды Арарат Арарат Еуропа лигасы Футбол Олимпиакос Олимпиакос 2:4 Аяқталды Милан Милан Әлем чемпионаты, іріктеу, Еуропа Баскетбол Черногория Черногория 62:92 00:38 Испания Испания

24 сағат бұрын

«Сабах» өз алаңында «Барселонадан» ойсырай жеңілді 

«Сабах» өз алаңында «Барселонадан» ойсырай жеңілді 

Фото: «Сабах» футбол клубы

UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі бесінші турындағы «Сабах» (Әзербайжан) - «Барселона» (Испания) кездесуінің нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл кездесу көптеген елдің жанкүйерлеріне ерекше қызығушылық туғызды. Олардың көкейінде биыл Еуропадағы үздіктер қатарында бақ сынауға алғаш рет мүмкіндік алған әзербайжандық команда тәжірибелі қарсыласына қалай қарсылық көрсете алады деген сауал тұрды.

Сондай-ақ Қазақстан және Өзбекстан жанкүйерлері ойынды тамашалауға Әзербайжан астанасы - Баку қаласына аттанды. Себебі команда сапында қазақстандық Стас Покатилов қақпаны қорғап қана қоймай, капитандық міндетті де абыроймен атқарып жүр. Сондай-ақ өзбекстандық жартылай қорғаушы Умарали Рахмоналиев клубтың жетістікке жетуіне үлес қосып келеді. Сондықтан бүгінгі кездесуді тамашалауға Әзербайжан астанасы – Баку қаласына әлемнің 78 мемлекетінен жанкүйерлер келіп отыр. Олардың қатарында Қазақстан, Өзбекстан және бауырлас түркі елдерінен жиналған азаматтар бар.

Кездесу барысында бірінші кезеңде алаң иелері азулы қарсыласына лайықты тойтарыс беруге тырысты. Испаниялық клубтың толассыз шабуылын қайтаруға күш салды. Десе де ойынның 31-минутында «Барселонаның» англиялық шабуылшысы Энтони Гордон Стас Покатиловтың қорғаған қақпасынан саңылау тауып кетті.

Екінші кезеңнің алғашқы он бес минутында испаниялық клуб қатарынан үш гол соғып кетті. Алдымен Энтони Гордон 51-минутта есепті үстемелей түссе, Карим Адейеми 55, Габриэл Жезус 60-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Оған «Сабах» сапынан 63-минутта Джой-Лэнс Миккельс бір голмен жауап қайырды.

Осылайша әзербайжандық клуб қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді.

Қазірге дейін олар Англияның «Манчестер Юнайтедіне» 0:4, Германияның «Боруссия Дортмунд» 1:2, Норвегияның «Викингіне» 1:4 есебімен есе жіберсе, Чехияның «Спарта Прага» клубын 2:0 есебімен қапы қалдырды.

Енді олар алдағы кездесуін 8 желтоқсанда сырт алаңда Испанияның «Вльярреал» клубына қарсы өткізеді.



Біздің серіктес: Sport12kz