2 күн бұрын
Астанада таеквондодан әлемдік Гран-при финалының ашылу салтанаты өтті
Астанада 27-29 қараша аралығында өтетін World Taekwondo Grand Prix Final 2026 турнирінің ашылу рәсімі ұйымдастырылды.
Қазақстан алғаш рет қабылдап отырған халықаралық жарысқа әлемнің 38 елінен 128-ден астам спортшы қатысады.
Дүбірлі додаға тоғыз Олимпиада чемпионы, 13 Олимпиада жүлдегері, 15 әлем чемпионы және әлем чемпионаттарының 20 жүлдегері қатысады.
Турнир нәтижелері спортшылардың Олимпиада рейтингіндегі көрсеткішіне әсер етеді. Бірінші орын алған таеквондошыға 100 ұпай берілсе, күміс жүлдегер 60, қола медаль иегері 36 ұпай еншілейді.
Сондай-ақ бүгін, 27 қарашада пара таеквондодан әлемдік серияның шешуші кезеңі басталды. 25 елден келген 70-ке жуық спортшы 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына іріктеу үшін маңызды рейтингтік ұпайларды сарапқа салады.
Біздің серіктес: Sport12kz