2 күн бұрын
Қазақстандық спортшы Бахрейндегі әлем чемпионатында топ жарды
Қазақстандық спортшы Бахрейнде өтіп жатқан пауэрлифтингтен әлем чемпионатында Тұрсынай Қабыл алтын медаль жеңіп алды.
41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз 100 келі салмақты бағындырып, өз санатында үздік нәтиже көрсетті. Сонымен қатар ол үш мүмкіндіктің қорытындысы бойынша 297 келі жинап, жалпы есепте де бірінші орынға ие болды.
Күміс жүлде Түркия өкілі Рейхан Полатқа бұйырса, қола медальді ресейлік Татьяна Жаворонкова иеленді.
Бахрейндегі әлем чемпионатында Қазақстан намысын 23 спортшы қорғап жатыр. Қатысушылар жекелей, жұптық және аралас командалық сайыстарда бақ сынайды. Әлем біріншілігі 2 желтоқсанда мәресіне жетеді.
Біздің серіктес: Sport12kz