9 сағат бұрын
Азия ойындарының чемпионы Гран-при кезеңінде жеңілді
Қазақстан құрамасының таеквондошысы Тамирлан Тлеулес Астанада өтіп жатқан Гран-при сериясының финалдық кезеңіндегі жарысын аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде отандасымыз алғашқы кездесуін әлем чемпионы, Иран өкілі Абольфазл Зандимен өткізді. Екі раундтың қорытындысы бойынша ирандық спортшы 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, қос таеквондошы бұған дейін 2026 жылғы Азия ойындарының ширек финалында кездескен. Ол кезде Тлеулес жеңіске жетіп, кейіннен құрлықтық додада алтын медаль иеленген еді.
Біздің серіктес: Sport12kz