Матч орталығы
КХЛ Хоккей СКА СКА 6:1 Аяқталды Салават Юлаев Салават Юлаев КХЛ Хоккей Нефтехимик Нефтехимик 4:2 Аяқталды Барыс Барыс А сериясы Футбол Удинезе Удинезе 1:0 Аяқталды Фиорентина Фиорентина Чемпионшип Футбол Суонси Суонси 3:0 Аяқталды Кардифф Кардифф Премьер-лига Футбол Эвертон Эвертон 1:1 Аяқталды Ливерпуль Ливерпуль Франция кубогы Футбол Бялинге ИФ Бялинге ИФ 0:4 Аяқталды Oberlauterbach Oberlauterbach Франция кубогы Футбол RC Chambery RC Chambery 0:3 Аяқталды Лес Генетс Данглет Лес Генетс Данглет Франция кубогы Футбол Saint Paul en Jarez Saint Paul en Jarez 1:0 Аяқталды Шасье Десин Шасье Десин Франция кубогы Футбол Лез-Юлис Лез-Юлис 1:0 Аяқталды Лина-Монлери Лина-Монлери Франция кубогы Футбол Union Rochefortoise Union Rochefortoise 1:4 Аяқталды Стад Борделе Стад Борделе Франция кубогы Футбол Kellermann Kellermann 0:0 90+1 Сошо Сошо Ла Лига Футбол Валенсия Валенсия 1:1 90+3 Осасуна Осасуна Трофеи Северной Пальмиры Теннис Александр Бублик Александр Бублик 18:30 Бүгін Карен Хачанов Карен Хачанов Эредивизи Футбол Фейеноорд Фейеноорд 1:1 48 Аякс Аякс А сериясы Футбол Сассуоло Сассуоло 0:0 Үзіліс Наполи Наполи Франция кубогы Футбол ENDOUME ENDOUME 1:0 45+5 Фрежюс Сен-Рафаэль Фрежюс Сен-Рафаэль Франция кубогы Футбол ФК Лимонест ФК Лимонест 1:1 Үзіліс О-Лионне О-Лионне Лига 1 Футбол Осер Осер 0:1 45+4 Марсель Марсель Премьер-лига Футбол Фулхэм Фулхэм 1:1 45 Борнмут Борнмут Премьер-лига Футбол Сандерленд Сандерленд 0:1 45 Тоттенхэм Тоттенхэм

7 сағат бұрын

Батырхан Төлеуғали финалдағы жеңілісіне не себеп болғанын айтты

Батырхан Төлеуғали финалдағы жеңілісіне не себеп болғанын айтты

Астанада таеквондодан өткен Гран-при финалдық кезеңінің күміс жүлдегері Батырхан Төлеуғали шешуші кездесудегі жеңілісіне қатысты пікір білдірді. Спортшы финалда шаршағанын және қарсыласының тәжірибесі басым түскенін айтты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстандық таеквондошы өз мансабында алғаш рет туған жерінде жанкүйерлердің осындай зор қолдауын сезінгенін атап өтті. Оның айтуынша, финалдың екінші раундында-ақ шаршағаны байқалған.

«Өз мансабымда алғаш рет туған елімде жанкүйерлердің осындай зор қолдауын сезіндім. Жарысқа туған қаламнан туыстарым, бауырларым мен жақындарым келді. Атмосфера керемет болды.
Финалға келер болсақ, бұл жолы күміс медаль бұйырған шығар. Екінші раундта ұпай бойынша қалып қоя бастаған сәтте шаршағанымды сездім. Үшінші раунд алдында күшімнің аз қалғанын түсіндім. Дегенмен мінезіме сүйеніп күресуге бел будым. Солай жасадым, бірақ жеңіске жете алмадым. Шешуші сәтте қарсыласымның тәжірибесі басым түсті», – деді спортшы.

Сондай-ақ Батырхан Төлеуғали турнир жолының оңай болмағанын айтты. Ол алғашқы айналымда әлемдік рейтинг көшбасшысын жеңгеннен кейін жарысты жалғастыру жеңілдегенін жеткізді. Ал жартылай финалда кездескен грузиялық спортшыны ерекше атап өтті. Оның сөзінше, бұған дейін 74 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қарсыласы бұл жолы 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған.

Спортшы шешуші кездесудің нәтижесіне жарақаттары әсер етпегенін де айтты. Ал Астанада жинаған рейтингтік ұпайлары 2028 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алу жолында маңызды қадам болмақ.

Еске салайық, Батырхан Төлеуғали таеквондодан Grand Prix Final жарысының финалына шыққан Қазақстан тарихындағы алғашқы спортшы атанды. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің шешуші кездесуінде ол ирандық Радин Зейнәліге 1:2 есебімен есе жіберді.



Біздің серіктес: Sport12kz