03.03.2025
Қазақстандық теннисші матчты жалғастырудан бас тартты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Аргентинаның Кордоба қаласында өтіп жатқан Челленджер турниріне іріктеу бәсекесінде жеңіліс тапты.
Жарыстың жартылай финалында Дмитрий Попко (АТР: 207) аргентиналық Сантьяго де ла Фуэнтемен (АТР: 1086) кездесті.
Матч басталмай тұрып отандасымыз айқын фаворит ретінде саналған. Алайда, жергілікті теннисші 1:2 (4:6; 6:4; 2:5) есебімен алға шыққанда Попко матчты жалғастырудан бас тартты. Қос теннисші кортта 2 сағат 8 минут уақыт өткізді.
Енді Де ла Фуэнте финалдық ойында жерлесі Валерио Абоианмен (АТР: 441) шеберлік байқасады.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 100,000 долларды құрайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи