07.03.2025
Юлия Путинцева WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады
Фото: Jacob King/PA Images via Getty Images
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің 1/8 финалына жолдама алды.
Жұптық сында даниялық Клара Таусонмен бірге бақ сынаған отандасымыз жарыстың алғашқы кезеңінде Макото Ниномия (Жапония)/Сара Соррибес-Тормо (Испания) жұбынан басым түсті.
Кездесу 1 сағат 21 минутқа созылды. Нәтижесінде Путинцева бастаған ұжым 2:1 (6:0; 4:6; 10:5) есебімен қарсыластарын жарыс жолынан шығарып жіберді.
Енді Юлия мен Клара 1/8 финалда Елена Остапенко (Латвия)/Эллен Перес (Аустралия) жұбына қарсы матч өткізеді. Аталған матч ертең, 8 наурыз сағат 23:00-ге жоспарланған.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 8 963 700 долларды құрайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи