Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

08.03.2025

Адрия інжуі бәсекесі: Қазақстандық сегіз боксшы финалға өтті

Адрия інжуі бәсекесі: Қазақстандық сегіз боксшы финалға өтті

Фото: қазақстан бокс федерациясы

Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Адрия інжуі бәсекесі 1/2 финалы өтті. Қыздар жарысында Қазақстан командасынан 8 спортшы ақтық сынға жолдама алды.

Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті.

52 кг. Рахмина Абдумежитова Түркия боксшысын 5:0 есебімен жеңді. Финалда Ресей өкілімен кездеседі

57 кг. Ақнұр Тұрсынғали 3:2 ресейлік спортшыдан басым түссе, Регина Тибенява Беларусь боксшысынан 4:0 айласын асырды. Ақтық сында қос қазақстандық шебер күш байқасады

60 кг. Толғанай Қасымхан ресейлік қарсыласына жол беріп, турнирдің қола жүлдегері атанды

63 кг Алина Құдайгенова түрік қызын 5:0 жеңіп, финалда Ресей боксшысымен кездеседі

66 кг. Айсұлу Мұхит 3:2 Ресей, Ақбота Есімбекова 5:0 Әзербайжан спортшыларын қапы қалдырды. Енді алтын медальді өзара сарапқа салады

70 кг. Мария Сидоренко ресейлік қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, ақтық жекпе жекті Түркия өкіліне қарсы өткізеді

81 кг жоғары. Сабина Жақсылық Әзербайжан боксшысымен жекпе жекті алғашқы раундта аяқтап, енді финалда Түркия спортшысымен кездесу күтіп тұр

Будвадағы финал 9 наурызға жоспарланған.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан