08.03.2025
Әлем чемпионаты: Қазақстандық шаңғышылар 13 орын алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Норвегияның Тронхейм қаласында шаңғы жарысынан әйелдер арасында 4х7,5 шақырымдық эстафетаның жеңімпаздары белгілі болды.
Еліміздің атынан Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Надежда Степашкина, Дарья Ряжко бақ сынады.
1. Швеция - 1:15:41
2. Норвегия - 1:15.42
3. Германия - 1:16:54
10. Жапония - 1:22:54
13. Қазақстан - 1:27:20
14.Қытай - 1 айналым қалып қойды
«Әлем чемпионаттарында үнемі 5 шақырымда жарысатын едік. 2024 жылдан бастап, 7.5 шақырымға көбейтті. Қарсыластарымыз мықты болғандықтан, 1 айналымға қалып қалмау міндеті тұрды. Бұл мақсат ойдағыдай орындалды. Енді шешуші 50 шақырым өте қиынға соққалы тұр. Өйткені әлем чемпионаттарында әйелдер 30 шақырымда жеңімпазды анықтайтын еді», - деді эстафетаны түйіндеген Дарья Ряжко.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан