Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

08.03.2025

«Қайрат» — «Ордабасы»: Бүгін қос чемпион мықтыны анықтайды

«Қайрат» — «Ордабасы»: Бүгін қос чемпион мықтыны анықтайды

2025 жылдың 8 наурызында Алматыдағы «Орталық» стадионда жергілікті «Қайрат» пен шымкенттік «Ордабасы» арасында Қазақстан Премьер-лигасының 2-тур ойыны өтеді.

«Қайрат»

Алматылық ұжым 2024 жылы ел чемпионатында топ жарды. Бірақ қарсыластарынан оқ бойы озық келді деп айта алмаймыз. Жеңімпаз соңғы турда ғана аяқталды. Егер «Қайрат» соңғы турда «Атырауды» жеңе алмаса, алтын медаль «Астанаға» бұйыруы мүмкін еді. Қалай болғанда да тартысты маусымда «Халықтық команда» өз тарихындағы төртінші титулына қол жеткізді. 

Команда қысқы трансфер маусымында біршама белсенді болып, Луиш Мата, Дан Глейзер, Александр Заруцкий, Жоржиньо, Еркін Тапалов қатарлы ойыншыларды қатарға қосты. 

«Ордабасы»

Ал 2023 жылғы маусымның чемпионы «Ордабасы» былтыр ел чемпионатын 4-орынмен аяқтады. Еурокубок маусымында да сәтті өнер көрсете алмады. Бұл жанкүйерлердің наразылығын туғызып, команда бас бапкерін ауыстырып, құрамды біршама жаңартты. 

Шымкенттік команда жаңа маусымның алғашқы турында «Ақтөбемен» тең ойнады. Түркістанда өткен кездесуде гол соғылған жоқ. Бірақ жанкүйер қауым «Ордабасының» ойыны былтырғыға қарағанда ширап қалғанын байқады. Молдовалық маман Андрей Мартин шәкірттері биылғы маусымда чемпиондыққа атаққа талас жүргізуі мүмкін. Қысқы трансфер кезінде командаға Дарио Чанаджия, Эвертон Мораес, Кайоде Салиман, Никола Антич, Шериф Жимо, Рашид Абубакар, Лука Имнадзе, Дмитрий Челядник, Виктор Мудрак сияқты шетелдік шеберлер келді. 


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан