08.03.2025
THAILAND OPEN: Слаломды ескек есуден 5 спортшымыз финалда
Таиланд Корольдігінің Паттайя қаласында слаломды ескек есуден THAILAND OPEN халықаралық рейтингтік турнирі, сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Әуелі 8-9 наурызда халықаралық жарыс өтеді. Сайысқа 16 мемлекеттен 150 спортшы жиналды. Назарыңызға отандастарымыздың нәтижесін ұсынамыз:
1. Қуаныш Еренғайыпов С1М - финалға шықты
2. Александр Куликов С1М (каноэ) - финалға шықты
3. Александр Коробов К1М (каяк), С1М - финал
4. Анастасия Ананьева - С1М (каноэ) - финалда
5. Екатерина Таранцева К1М (каяк) - финалда
Мұнда жүлделер ертең сарапқа салынады. Ал осыдан кейін болатын сары құрлық чемпионатында (U18, U23) 13 елден 180 спортшы жүлдеге таласады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов