Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

11.03.2025

Зарина Дияс Румыниядағы доданы сенімді жеңіспен бастады

Зарина Дияс Румыниядағы доданы сенімді жеңіспен бастады

Фото: Shi Tang/Getty Images

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Румынияның Тыргу-Муреш қаласында өтіп жатқан Intaro Elite Cup W75 турниріндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Жарыстың 1/16 финалында Зарина Дияс (WTA: 334) чехиялық теннисші Анета Лабуткованы (WTA: 645) тізе бүктірді.

Қос теннисші арасындағы кездесу 1 сағат 21 минутқа созылды. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 2:0 (6:2; 6:4) есебімен басым түсті.

Енді Зарина келесі кезеңде украиналық Дариа Снигур (WTA: 128) мен италиялық Камилла Розателло (WTA: 331) матчының жеңімпазымен ширек финал жолдамасын сарапқа салады.

Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 60 мың долларды құрайды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан