13.03.2025
Әлем чемпионаты: Ресей қазағы Қазақстан боксшысын жүлдесіз қалдырды
Бокстан Сербияда жалғасып жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалында төртінші спортшымыз өнер көрсетті.
66 келідегі Жасмин Қизатова 1/4 финалда Ресей боксшысы, Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Альбина Молдажановамен айқасты. Өкінішке қарай, жеңіс Ресей тарапына жазылды.
Альбина Молдажанова - 2001 жылы Түмен облысы, Тобыл қаласында дүниеге келген. Әкесі - қазақ, шешесі - орыс.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов