Матч орталығы
Бундеслига Футбол Штутгарт Штутгарт 2:3 Аяқталды Боруссия Боруссия Лига 1 Футбол Брест Брест 1:2 Аяқталды Ницца Ницца А сериясы Футбол Торино Торино 3:2 Аяқталды Монца Монца Еуролига Баскетбол Париж Париж 93:104 Аяқталды Валенсия Валенсия Чемпионшип Футбол Болтон Болтон 1:5 Аяқталды Мидлсбро Мидлсбро Премьер-лига Футбол Ипсвич Ипсвич 1:1 Аяқталды Ноттингем Форест Ноттингем Форест Ла Лига Футбол Алавес Алавес 1:1 Аяқталды Малага Малага Примейра-лига Футбол Гимарайнш Гимарайнш 5:0 Аяқталды Маритиму Маритиму Токио женщины Теннис Хаю Киносита Хаю Киносита 12:40 Бүгін Юлия Путинцева Юлия Путинцева Нинбо женщины Теннис Елена Рыбакина Елена Рыбакина 14:30 Бүгін Диана Шнайдер Диана Шнайдер Премьер-Лига Футбол Жетісу Жетісу 15:00 Бүгін Тобыл Тобыл Премьер-Лига Футбол Оқжетпес Оқжетпес 15:00 Бүгін Каспий Каспий Премьер-Лига Футбол Қызылжар Қызылжар 16:00 Бүгін Ұлытау Ұлытау Чемпионшип Футбол Портсмут Портсмут 16:30 Бүгін Миллуолл Миллуолл Чемпионшип Футбол Чарльтон Чарльтон 16:30 Бүгін Норвич Норвич Чемпионшип Футбол Шеффилд Шеффилд 16:30 Бүгін Дерби Дерби Премьер-лига Футбол Астон Вилла Астон Вилла 16:30 Бүгін Манчестер Сити Манчестер Сити Ла Лига Футбол Райо Вальекано Райо Вальекано 17:00 Бүгін Эльче Эльче Алматы мужчины Теннис Даниил Медведев Даниил Медведев 18:00 Бүгін Александр Бублик Александр Бублик А сериясы Футбол Кальяри Кальяри 18:00 Бүгін Болонья Болонья

11 сағат бұрын

Грекиялық теннисші Almaty Open турнирінде жартылай финалға шықты

Грекиялық теннисші Almaty Open турнирінде жартылай финалға шықты

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Грекиялық теннисші Стефанос Циципас Алматыдағы Almaty Arena кешенінде өтіп жатқан ATP 250 санатындағы Almaty Open турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.

23 қазанда өткен ширек финалдық кездесуде әлемдік рейтингте 39-орында тұрған, турнирдің жетінші ракеткасы Циципас ATP рейтингінде 73-орын алатын австралиялық Джеймс Даквортпен кездесті. Матч грек теннисшісінің екі сеттегі сенімді жеңісімен аяқталды.

Кездесу барысында Циципас өз сервисінде жоғары нәтиже көрсетіп, 15 эйс орындады және бірде-бір қос қателік жіберген жоқ. Оның алғашқы допты ойынға қосу көрсеткіші 80 пайызды құрады. Сонымен қатар, грек теннисшісі алғашқы сервисте ұпайлардың 92 пайызын (37 ұпайдың 34-ін), ал екінші сервисте 67 пайызын (9 ұпайдың 6-ын) жеңіп алды.

Циципас бүкіл матч бойы қарсыласына бірде-бір брейк-пойнт жасауға мүмкіндік берген жоқ. Ал өзі сегіз брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды. Жалпы кездесуде грек теннисшісі 120 ұпайдың 71-ін (59%) өз еншісіне жазды.

Осылайша, Стефанос Циципас Алматыдағы жарыста сәтті өнер көрсетуін жалғастырып, турнирдің үздік төрт теннисшісінің қатарына енді.

Жартылай финалда ол Грузия өкілі Николоз Басилашвилимен кездеседі. Басилашвили де ширек финалдағы қарсыласын жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Еске салсақ, Алматыда өтіп жатқан ATP 250 санатындағы Almaty Open турнирінде жұптық сайыстың кезекті матчтары аяқталды.




Біздің серіктес: Sport12kz