13 сағат бұрын
ATP қорытынды турниріне қатысатын сегіз теннисші белгілі болды
15-22 қараша аралығында Италияның Турин қаласында өтетін ATP қорытынды турнирінде сегіз теннисші чемпиондық атақты сарапқа салады.
Жекелей сында Германия өкілі Александр Зверев, испаниялық Карлос Алькарас, америкалық Бен Шелтон, ресейлік Даниил Медведев, италиялық Флавио Коболли, франциялық Артюр Фис, америкалық Фрэнсис Тиафо және испаниялық Рафаэль Ходар бақ сынайды.
Италиялық Янник Синнер де жарысқа қатысуға жеткілікті ұпай жинаған. Алайда ол маусымды мерзімінен бұрын аяқтауына байланысты Туриндегі турнирге қатыспайды.
Жарыстың жеребесі 12 қарашада тартылады. Жекелей сында қатысушылар Джон Макинрой мен Иван Лендлдің есімі берілген екі топқа бөлінеді. Жұптық сында топтар Тодд Вудбридж бен Марк Вудфордтың құрметіне аталады.
Біздің серіктес: Sport12kz