1 күн бұрын
Арина Соболенко WTA қорытынды турнирін жеңіспен бастады
Әлемнің екінші ракеткасы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенко WTA қорытынды турнирінің топтық кезеңіндегі алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz .
Ол АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында чехиялық Каролина Муховамен (7-орын) кездесіп, жеңіске жетті.
Матч екі сетке созылып, Соболенко 7:6 (7:2), 7:5 есебімен басым түсті. Кездесу бір сағат 53 минутқа жалғасты.
Бұл – Арина Соболенконың WTA қорытынды турниріне қатарынан алтыншы рет қатысуы. Ал Каролина Мухова аталған жарыста алғаш рет өнер көрсетіп жатыр.
Осы кездесуге дейін теннисшілер өзара бес рет кездескен. Жеке кездесулер есебінде чехиялық спортшы 3:2 есебімен алда болған.
Бұл топта ресейлік Мирра Андреева (3-орын) мен украиналық Элина Свитолина (6-орын) да өнер көрсетеді. Топтағы үздік екі теннисші жартылай финалға жолдама алады. Турнир 15 қарашада аяқталады.
Біздің серіктес: Sport12kz