2 күн бұрын
Қазақстандық теннисшілер Санкт-Петербургтегі көрме турниріне қатысады
Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Юлия Путинцева Санкт-Петербургте өтетін «Трофеи Северной Пальмиры» көрме турнирінде бақ сынайды.
Жарыс 27-29 қараша аралығында ұйымдастырылады. Додаға Қазақстаннан бөлек Ресей, Франция, Өзбекстан және Ұлыбритания өкілдері қатысады.
Турнирге қатысушылар «Арыстандар» және «Сфинкстер» атты екі командаға бөлінеді. Бірінші ұжымның капитаны Елена Веснина болса, екіншісін Янко Типсаревич басқарады.
Қазақстандық теннисшілер әр командада өнер көрсетеді. Қатысушылар арасында ресейлік Карен Хачанов пен Диана Шнайдер, француз Корентен Муте және британиялық Даниэль Эванс та бар.
Біздің серіктес: Sport12kz